KZ
Өскемен
-2°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
495.95 524.37 4.98

«Алатау серілері» өскемендіктерді өнерімен тәнті етті

Кеше, 20:00 23 Назерке Каримова

 

Бүгін Өскеменде «Туған жер - алтын бесігім» облыстық жобасы аясында Ұлан ауданының мәдени күндері басталды. Шара қала қонақтары мен тұрғындарын ауданның бай тарихымен, дәстүрімен және жетістіктерімен таныстырған көрмеден басталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының залында ауданның қолөнер, мұражай экспонаттары және кітап көрмесі ұйымдастырылып, артынша «Ұлы мекен – туған елім» атты гала-концерт өтті. |

«Ұлылардың мекені» атанған Ұлан жері талантты өнерпаздарға кенде емес.

ҚР Мәдениет қайраткері Г.Қасенова, «Бескөл» халықтық  фольклорлық ансамблі, Қазақ ұлттық өнер  университетінің профессоры, флейташы Бекболат  Байсағатов, «Сырғалым» вокалдық тобы, мәдениет саласының үздігі Т. Тащанова, «Гәкку» әжелер тобы, жетігенші қыздар мен «Сүгірдің термесін» нақышына келтіре орындаған «Ұлан» вокалды аспапты ансамблінің өнерпаздарына жиналған жұрт ризашылықпен қол соқты.

Гала-концерттің құрметті қонағы - әйгілі «Алатау серілері» тобы мен Ұлан ауданының өзге де мәдениет майталмандары қала тұрғындарының ерекше ықыласына бөленді.

Өскемен қаласының тұрғындары Ұлан жерінің ұлысын ұлықтай білген, өнерлі де өнегелі елінің ән-жырын тамашалап, бір серпіліп қайтты.

Ауданның мәдени күндері ертең сағат 8:00-де «Шығыс-Алтай» сауда алаңының аумағында жалғасады, онда ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі, көркемөнерпаздар концерті және ұлттық спорт ойындары өтеді.

Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу