KZ
Өскемен
-3°
небольшой снег жел 3 м/с, Ю
527.23 544.05 5.05

Меңтай бейнесі: Қыз әдебінің жарқын үлгісі

Фото: Жасанды интеллект

4.12.2024, 14:15 49 Гульжан Мусина

Белгілі әдебиеттанушы-ғалым Зейнолла Қабдолов айтқандай: «әдебиет – ақиқат өмірдің сырлы суреті». Расында, өмірдің ақиқат сыры әдебиетте  жүректің нәзік қылын шертіп, тереңінен көрініс беріп жатады. Менің бұл тақырыпты таңдаудағы басты себебім: ең қызықты та қиын кезең студенттік өмірімді жатақханада өткізіп жатқандығыммен тығыз байланысты. Сол себептен де  Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» атты романының басты кейіпкері Меңтай - менің жүрегіме жақын кейіпкер. Шындығында, қазіргі қазақ қоғамында «қыз тәрбиесі» үлкен жауапкершілік пен қатар шиеленіскен сұрақтарға жауап талап ететін проблемаға айналып отыр.

«Есті қыз етегін қымтап ұстар» деген анасының сөзін санасына тоқып өскен Меңтайдай қыздың ешқашан да әкесін ұялтпайтыны, анасын жылатпайтыны хақ. Біздің ұлттық менталитетіміз де қыздар қауымының инабаттылығына, тәрбиелілігіне негізделгені бесенеден белгілі. Менің әдебиеттегі сүйікті кейіпкеріме айналған Меңтайдың бойындағы сабырлылық, биязылық һәм мейірімділік бүтін бір ұлттың шырағын сөндірмейтін күшке тең дер едім.

Ай – қасы, күн – Меңтайдың екі көзі,

Самал жел – оның күле айтқан сөзі.

Бақыт – ыстық құшағы, байлық қазына,

Дүние деген тек соның жалғыз өзі!, - деп талай жігіттің ғашықтық жырларына себепкер болған Меңтайдың ішкі һәм сыртқы сұлулығы ешқашан қулықтың құрығымен дос болуға жол берген емес. Олай деуімнің себебі,  оның «Алтын басты әйелден, бақа басты еркек артық» деген бабалар сөзімен сусындап өскені жазушының суреткерлік шеберлігі арқылы аса түсінікті қалыппен оқырманның таным-түйсігіне дерек бола білді. Мәселен, лекция барысында Меңтайдың свитеріне Ерболдың сияны байқамай төгіп алған кезіндегі сабырлылық танытуы, махаббатқа деген адалдығы, достарына деген ақ көңілділігі,  адамдарға деген кең пейілі -  ішкі жан дүниесінің айнасын қалтықсыз суреттеп тұр. Алып атыраптағы ат төбеліндей ғана еліміздің «қыз тәрбиесі» жайында сөз қозғаған сәтінде  Меңтайдай қаймағы бұзылмаған қазақылықты жоғалтпайтын қыздарды көру – ұлт болашағына алаңдаушылықтың бәсеңдеуіне себепкер бола алмақ.

Қорыта айтқанда, адамгершіліктің асқақ рухын өн бойларына жиған жастардың, әсіресе жан дүниесінің тазалығына кірбің түсірмеген Меңтайдай арудың болмысын алуан түрлі көркемдік тәсілмен көрсетіп, ізгілік дәнін оқырман жүрегіне сепкен  Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» атты шығармасының -  бүгінгі қазақ қыздарына берер тәлім-тәрбиесі зор. Менің ойымша, жазушының биік мұратынан туған кейіпкер -  Меңтайың болмысы қазіргі қазақ қыздарына үлгі болуы тиіс. Өйткені, қазіргі жастар желіде желіккендерге емес, кітаптағы Ербол мен Меңтайдай махаббатқа берік, ұлттық тәрбиенің иісі мінезіне сіңген кейіпкерлерге қарап електеу арқылы болашаққа дұрыс бағыт-бағдар ала алады деген ойдамын. Ал әр шығарманың оқырманға бір сүйікті кейіпкер, әдебиет әлемінен дос тауып берері сөзсіз. Түптеп келгенде әдебиеттегі сүйікті кейіпкер де өміріңдегі кейбір нәрселерді жақсы бағытқа өзгертуге себепші бола алады. Сөз құдіреті, әдебиеттің қадір-қасиеті деген осы болса керек.

Белгілі әдебиеттанушы-ғалым Зейнолла Қабдолов айтқандай: «әдебиет – ақиқат өмірдің сырлы суреті». Расында, өмірдің ақиқат сыры әдебиетте  жүректің нәзік қылын шертіп, тереңінен көрініс беріп жатады. Менің бұл тақырыпты таңдаудағы басты себебім: ең қызықты та қиын кезең студенттік өмірімді жатақханада өткізіп жатқандығыммен тығыз байланысты. Сол себептен де мен үшін Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» атты романындағы оқиғалар мен суреттелген образдар мен үшін аса таңсық емес.  Әсіресе, осы шығарманың басты кейіпкері Меңтай - менің жүрегіме жақын кейіпкер. Яғни, менің сүйікті кейіпкерім.

Қазақта «Қызға қырық үйден тыйым» деген сөз бар. Бұл сөздердің астарындағы қазақ қызына тән сабырлылық һәм биязылық менің әдебиеттегі сүйікті кейіпкерім – Меңтайдың бойыннан табылады. «Шошаңдаған қыз шешенің атына кір келтіреді» деген бабалар сөзін санасына сақтап өскен  қыз баласы  қай қоғамға болмасын қащан да  аса қажет екені сөзсіз.  Себебі, бір ұлды -  тәрбиелегінің бір отбасын, ал бір қызды тәрбиелегенің - бір ұлтты тәрбиелегеніңмен тең. Ел ертеңі тәрбиенің тамырымен терең тамырласып жатқан шақта бүгінгі қоғамда хайп қуғанын айып көрмейтін қыздардың пайда болғаны жасырын емес. Бұл ұлт болашағына алаңдаушылыққа әкеп соғады.  Дегенмен:

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған

Қыз өссе елдің көркі деген сөзді,

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам? –деген өлең жолдарына арқау болған қазақ қыздары заман көші ілгерілеген сайын ұлттық тәрбиеден мақұрым болып бара жатыр деген сөз емес. Тек  «Апасының айтқандарын» күнделігіне тізіп, есті қыз етегін қымтап ұстайды деген принциппен өмір сүретін Меңтайдай қыздардың легі ықылым замандағы статистикамен салыстырғанда азайып бара жатқандығы көңілге кірбің ұялататыны хақ.

Қорыта айтқанда, адамгершіліктің асқақ рухын өн бойларына жиған жастардың, әсіресе жан дүниесінің тазалығына кірбің түсірмеген Меңтайдай арудың болмысын алуан түрлі көркемдік тәсілмен көрсетіп, ізгілік дәнін оқырман жүрегіне сепкен  Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» атты шығармасының - бүгінгі қазақ қыздарына берер тәлім-тәрбиесі зор. Менің ойымша, қазіргі жастар желіде желіккендерге емес, кітаптағы Ербол мен Меңтайдай махаббатқа берік, ұлттық тәрбиенің иісі мінезіне сіңген кейіпкерлерге қарап електеу арқылы болашаққа дұрыс бағыт-бағдар ала алады. Ал қос ғашықтың арасына тікенекше қадалған Тұмажандай жағымсыз кейіпкерлердің таяз ойы мен қарау әрекетінен сабақ алады. Ал әр шығарманың оқырманға бір сүйікті кейіпкер, әдебиет әлемінен дос тауып берері сөзсіз. Түптеп келгенде әдебиеттегі сүйікті кейіпкер де өміріңдегі кейбір нәрселерді жақсы бағытқа өзгертуге себепші бола алады. Сөз құдіреті, әдебиеттің қадір-қасиеті деген осы болса керек.

К.Қанат,

филология ғылымдарының магистрі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу