KZ
Өскемен
-7°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

Шығыс Қазақстанда аймақ басшысы Ермек Көшербаевтың өңір дамуының жылдық қорытындысына арналған брифингі өтуде

9.12.2024, 12:30 216 Төлеуғазы Жансая

Биылғы жыл Шығыс Қазақстан үшін де, еліміз үшін де тарихи оқиғаларға толы болды. Шығыс Қазақстан облысының экономикасы тұрақты даму траекториясын сақтап келеді. Сондай-ақ өзге салаларда да өсу бар. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан көшпелі брифинг барысында аймақ басшысы Ермек Көшербаев мәлім етті,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Энергетика саласындағы мәселелерді түбегейлі шешу үшін АЭС салу бойынша референдумға облыс тұрғындарының 73 процентке жуығы қатысып, оның ішінде 75 проценттен астамы бастаманы қолдады. Бұл облыс тұрғындарының бірлігі мен болашаққа сенімін көрсетеді. Тағы бір маңызды оқиға – Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін, Орталық Азиядағы ең ірі көпірдің ашылуы (1 316 м). Нысанның инфрақұрылымы жасалып, 19 шақырым жол салынды. Мемлекет басшысы тапсырмасымен салынған көпірдің өңір үшін стратегиялық маңызы зор. Облыстың 7 шалғай ауданы енді Қытай мен Ресей арасындағы транзиттік аудандарға айналып, қуатты көлік-логистикалық хаб қалыптасып келеді, - деді Ермек Беделбайұлы. 

Айта кету керек, Шығыс Қазақстан халқы Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы жүзеге асып жатқанын бірқатар маңызды шешімдерден көріп отыр.


Ажар Сағатпекова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу