Көпірді елу жылдан кейін тексеруден өткізбек
Бұқтырма су қоймасының арғы-бергі жағалауындағы көпірді салу үшін аталмыш нысанның ең бірінші және соңғы тіректерін орнату қиынға соққан. Бұл туралы «ОблШығысЖол» кәсіпорнының инженері Кенжебек Жанұзақов мәлім етті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
«Маңызды жобалардың бірі – Бұқтырма су қоймасы арқылы Орталық Азиядағы ең ұзын көпірдің салынуы үшін ұжым болып бірнеше жыл бойы еңбек еттік. Бұл нысан жеті ауданды байланыстырып, елдің транзиттік әлеуеті мен өңірлік дамуын нығайтады», – деді ол.
Еліміздегі ең ұзын көпірді салу барысында қызмет еткен инженердің айтуынша, елу жылдан кейін аталмыш нысанның сапасы арнайы тексерілмек. Егер көпірдің техникалық жағдайы төмендесе, тиісті жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Ажар Сағатбекова