ҚР Мәслихаттарына 30 жыл толуына орай депутаттар сый-құрметке бөленді (Видео)
Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толуына орай ұзақ уақыт бойы осы саланың дамуына елеулі үлес қосып жүрген шығысқазақстандықтар марапатталды.
«Қазақстан республикасы мәслихаттарына 30 жыл» төсбелгісімен Василий Ахаев, Григорий Пинчук, Владимир Головатюк марапатталды. Сонымен қатар облыс әкімі Ермек Көшербаевқа да Шығыс Қазақстан облысы мәслихаттарының 30 жылдығына орай мерейтойлық медаль мен естелік кітап табысталды.
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып жүрген Денис Рыпаков, Сайрангүл Жұмаділова, Александр Анчугин, Марина Быкова Парламент Сенатының алғыс хатымен марапатталды.
Сондай-ақ халық пен билік арасында тығыз байланысты орнатудағы белсенді қызметі үшін Шығыс Қазақстан облысының Құрмет грамотасымен Дарын Абжанов, Светлана Буднецкая, Гүлжан Рахымбаева, Сергей Попов, Зоя Новолодская марапатталды.
Жергілікті өкілді органдардың нығаюына қосқан елеулі үлесі мен белсенді депутаттық қызметі үшін және Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының алғыс хаттары Фарид Әбітаевқа, Айдар Абдулдинға, Ренат Джангурчиновқа табысталды.
Салтанатты шара барысында «Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін» медалімен Игорь Михайленко марапатталды. Ал әлеуметтік және еңбекті қорғау саласындағы сіңірген еңбегі үшін «Еңбек ардагері» медалі Сәния Әубәкіроваға берілді.
«Құрметтi энергетик» төсбелгісімен Ренат Уразбаев марапатталды. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің Құрмет грамотасын Светлана Кривицкая иеленді. Су шаруашылығы саласын дамытуға елеулі үлес қосқаны және өркендеу жолында атқарған еңбегі мен адал қызметі үшін Болат Нұрпеисов марапатталды.
Салтанатты шарада Ұлттық экономика министрінің Құрмет грамотасымен Ғани Чаймарданов марапатталды. Сонымен қатар Әділет министрлігінің грамотасын Денис Рыпаков иеленді.
Шығыс Қазақстандағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарудың дамуы мен қалыптасуына қосқан елеулі үлесі үшін «Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл» мерекелік медалімен және «Қазақстан мәслихаттарының бірлестігі» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасымен Тұрарбек Әзекенов, Тимур Виситаев, Ербол Әбдіқалықов, Сергей Бежецский, Николай Нечепуренко, Сәуле Рахметуллина, Сергей Огнев, Әсем Мамутова, Дмитрий Сомов сынды бірқатар азаматтар сый-құрметке бөленді.