Бруцеллёз малда азайып, адам арасында артқанын қалай түсіндірмексіздер? - ШҚО әкімі
ШҚО әкімі басқармаларға үйлесімді жұмыс істеуді тапсырды,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері аса қауіпті аурулардың тоғыз эпизоотиялық қолайсыз ошақтары тіркелген. Оның ішінде 5 - құтыру, 3 - бруцеллез және 1 - эмкар бар. Бүгінгі таңда 6 ошақ сауықтырылды. Ал қалған 3 ошақ бойынша сауықтыру іс-шаралары әлі жалғасуда. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінде өтіп жатқан жиын барысында ветеринария басқармасының басшысы Рамиль Сағандықов мәлім етті.
Биыл облыста жануарлар арасындағы бруцеллез ауруының көрсеткіші төмендеген.
- Өңірдегі бруцеллез ауруымен күресте қандай шаралар қолданылуда? Ағымдағы жыл басынан бері тұрғындар арасында 36 бруцуллез ауруы тіркеліп отыр. Бұл көңіл көншітерлік жағдай емес. Осы жағдай Үлкен Нарын, Күршім, Глубокое аудандарында тіркелген жайттар. Жануарлар арасында ауру көрсеткіші төмендеп, адамдар арасында артқанын қалай түсіндіресіздер? Осы бағыттағы мәселені шешу үшін ветеринария мен санитариялық-эпидемиологиялық басқарма басшылары үйлесімді жұмыс істеуі керек, - деп қатаң тапсырды Ермек Беделбайұлы.
Ажар Мұратқызы
Оқи отырыңыз