Алтай қаласындағы Жаңа жыл қарсаңында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Алтай қаласында дәстүрлі сенбілік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтуде. Бұл жәрмеңкеде ауылдық округтерден келген кәсіпкерлер өз өнімдерін ұсынуда. Осы жолы шаруалар ет, сүт, балық және басқа да азық-түлік тауарларын төмендетілген бағамен сатылымға шығарды. Мысалы, еттің бағасы – 2400 теңге. Саудада сиыр еті, шошқа еті, үй құстары, үйде дайындалған сүт өнімдері мен картоп та бар.
Қалалық базарда таңертеңнен бастап сауда қызу жүріп жатыр. Жәрмеңке бағалары көпшіліктің көңілінен шықты.
– Демалыс күндеріндегі жәрмеңкелерге жиі келуге тырысамыз. Мұнда әрдайым сапалы ет, сүт өнімдері, балық табуға болады. Алтай қаласының тұрғындары үшін жәрмеңкеге келуге ауа райы да, ерте тұру да кедергі емес. Біз отбасымызбен бүгін таңғы жетіде осында болдық, – деп бөлісті қала тұрғыны Татьяна Проскурякова.