Өскеменде жұмысшы мамандықтарға сұраныс артуда (Видео)
pexels.com
Өскемен жоғары политехникалық колледжінің директоры Исатай Исин жұмысшы мамандықтар даярлау бойынша колледж тарапынан атқарылып жатқан игі бастамаларымен бөлісті, - деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
- Жұмысшы мамандықтар біздің экономикамызға өте қажетті. Мысалы 52 пайыз жұмыс орны осы жұмысшы мамандықтар деп табылады. Сондықтан энергетика саласындағы 99 жоба бес жылда жүзеге асырылады. Оның ішінде біздің қаладағы - ЖЭО. Оған қажетті 83 маман керек болады. Сондықтан жұмысшы мамандықтарды даярлау және жас мамандарды осы салаға тарту біздің негізгі мақсатымыз. Бүгінгі таңда жас мамандарды дайындау үшін жақсы механизмдер бар. Оның біріншісі дуалды оқыту. Айталық, студент өндірісте жұмысын істей жүріп, білімін де, қосымша жалақысын да ала алады. Сосын жұмыс істеген уақыты еңбек өтілі боп есептеледі. Әрмен қарай білімін жетілдірем десе өз еркінде, ал жұмысқа қалатын болса оны қайтадан оқытудың қажеті жоқ, себебі ол дайын маман.
Бұл мәселеге байланысты дуалды оқытуда арнайы құқықтық нормативтік құжаттар бар. Егер Өскемен немесе Согра ЖЭО-ын салатын болсақ, ол жерде бізден білім алып оқу бітірген түлектер жұмыс істейтін болады. Өйткені осы өндірісте де университеттің кафедралары ашылған. Сондықтан олар осы салада оқып та, жұмыс істеп те жақсы маман болып өсіп келе жатыр, - дейді колледж директоры.

Серік Құсанбаев
Оқи отырыңыз
Жастар бәсекеге қабілетті болуы маңыздыКәсіпорындар студентке жалақы төлейді – ШҚОЖұмысшы мамандықтар жылы: өңірде кәсіби кадрлар даярлау жүйесі өзгермек (ВИДЕО)Мемлекет басшысы Жарлығымен 2025 жыл "Жұмысшы мамандықтар жылы" деп жарияландыҚазақстанда жұмысшы мамандықтарының жылы аясында 1000 бейіндік сынып ашылмақ