KZ
Өскемен
-8°
туман жел 1 м/с, В
498.51 522.84 4.81

Самар ауданында 6 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған

Фото: inbusiness.kz

11.10.2023, 15:32 183 Ләззат Қанатқызы

Самар ауданында денсаулығына байланысты көлік құралдарын жүргізуге тыйым салынған 6 адамның жүргізуші куәлігін заңсыз алғаны анықталды.  

Сот қарауының нәтижесінде, аталған тұрғындардың барлығы көлік құралын басқару құқығынан айырылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Дәрігерлік-консультациялық комиссияның 2023 жылғы 15 маусымдағы қорытындысына сәйкес, ер адамның көлік тізгіндеуге қарсы көрсетілімдері болған. Алайда ол соған қарамастан жүргізуші куәлігін алған, - дейді ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметі.

«Жол қозғалысы туралы» ҚР Заңының 3-бабы 3-тармағына сәйкес, жол жүрісі ережелерінің бірі - жол жүрісі қатысушыларының, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін сақтау. Осыны ескеріп, прокуратураның қадағалау актісі бойынша полиция сотқа осы адамдардың көлік құралдарын басқару құқығын тоқтату туралы талап арыз берген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу