KZ
Өскемен
-14°
переменная облачность жел 1 м/с, С
529.7 545.96 5.17

ШҚО: 1 айда – 90 өрт

Фото: ШҚО ТЖД

22.04.2024, 17:11 127 Ынтымақ Толқын

Өңірдің басым бөлігінде қар еріп, жер дегди бастағаны сол еді құрғақ шөп пен қоқыс жиі өртенетін болды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері 1 сәуірден бері 90-нан астам өртті сөндірген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ТЖД мәліметінше, көбінесе ашық алаңқайлар мен  саяжайлар маңында өрт жиі тұтанады. Бұл жағдайлардың барлығы абайсыздық салдарынан болып отыр. Сондықтан мамандар қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Рұқсат берілмеген жерде от жаққандар мен құрғақ шөпті өртегендер әкімшілік жауапкершілікке тартылады:

- «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 336-бабы бойынша 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады;

- «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 410-бабы бойынша ескерту жасалады немесе 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады;

 Ал оқиға ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе аса ірі залал келтірген жағдайда ҚР Қылмыстық Кодексінің 204-бабының 2-бөлігі бойынша 2000 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу