KZ
Өскемен
-31°
плотный туман жел 1 м/с, С
510.43 594.86 6.49

Шығыс Қазақстанда бұрқасын мен көктайғақ күтілуде

pexels.com

22.01.2025, 08:00 928 Төлеуғазы Жансая

22 қаңтарда Өскемен қаласында бұрқасын мен көктайғақ күтілуде. "Қазгидромет" ШҚ филиалының мәліметінше, жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғып, екпіні 25 м/с дейін жетуі мүмкін, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды елді мекендерден тыс жерлерге сапарға шықпауды ескертіп, ауа райы қолайсыздығы кезінде жақын маңдағы қауіпсіз орындарға тоқтауды ұсынады.

-Қауіпсіздікті сақтау мақсатында, желдің қатты екпінінен ғимараттарға жасырыну, үзік сымдар мен ағаштардың астында болмау маңызды. Жаяу жүргіншілерге тайғанамайтын аяқ киім киіп, асықпай жүру ұсынылады. Көлік жүргізушілері жылдамдықты төмендетіп, қашықтықты сақтауға тиіс. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет,- дейді ШҚО ТЖД өкілдері.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу