KZ
Өскемен
-7°
небольшой снег жел 7 м/с, ОШ
516.85 537.68 5.26

Былтыр ШҚО-да жол жөндеу бойынша 100-ден аса жоба іске асты

28.01.2025, 13:20 314 Төлеуғазы Жансая

Шығыс Қазақстан облысында 2024 жылы аймақтық «Жолдар жылы» бағдарламасы қабылданды.  Облыстық және аудандық маңызы бар 600 км жолды жөндеуге арналған бюджет 31,5 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды.  
Республикалық маңызы бар Талдықорған – Өскемен жолының (ШҚО аумағындағы) 60 шақырымдық учаскесін жаңарту аяқталды.  

Қалбатау – Майқапшағай автомобиль жолын жаңарту жұмыстары жалғасуда, оның 231 шақырымы ШҚО аумағынан өтеді. Бүгінгі таңда аталған жолдың 211 шақырымына жаңа асфальт төселіп, қозғалыс қамтамасыз етілген, қалған учаскелер биыл аяқталады.  
Өскемен – Алтай – Рахман қайнары жолындағы 4 көпірдің күрделі жөндеуі аяқталды.  

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін Орталық Азиядағы ең ірі көпірдің құрылысы аяқталды. Республикалық жолдарды орташа жөндеу көлемі 392 шақырымды құрады. 2024-2025 жылдарға орташа жөндеудің 17 нысанын жүзеге асыру жоспарланып, оларға 37 млрд теңге бөлінген, – деді Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов.  

Жоспарланған учаскелердің ішінде:  
- Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары бағыты бойынша 152 км;  
- Өскемен – Риддер – Ресей шекарасы бағыты бойынша 105 км;  
- Омбы – Майқапшағай – Қалжыр – Марқакөл бағыты бойынша 24 км;  
- Өскемен – Семей бағыты бойынша 18 км;  
- Өскемен – Шемонаиха – Ресей шекарасы бағыты бойынша 93 км.  
2024 жылы 97 км жол жөнделді, толық аяқтау осы жылға жоспарланған.  

Айналма жолдар мен көпірлердің құрылысы және жаңартылуы белсенді жүруде. Өскеменде Базовая көшесін (1,8 км) және Жібек жолы көшесінің Алматы трассасына шығатын бөлігін (5,3 км) жаңарту аяқталды.  
Сәтпаев даңғылы мен Жібек жолы көшесінің қиылысындағы, сондай-ақ Пермитин мен Славский көшелеріндегі жол айырықтарының құрылысы жалғасуда.  
Нұрымбет Сақтағановтың айтуынша, елді мекендердегі жолдар мен көшелерді орташа және ағымдағы жөндеуге 21,1 млрд теңге бөлініп, 593 км жолды жөндеуге 108 жоба жүзеге асты.  

Облыстық маңызы бар жолдар бойынша 192 км жолды жөндеуге 15 жоба іске асырылды.  
Аудандық жолдар мен көшелер бойынша 351 км жолды жөндеуге 93 жоба жүзеге асырылды.  
ШҚО әкімінің бірінші орынбасарының айтуынша, облыстың 11 ауылындағы бұрын асфальт төселмеген көшелерге алғаш рет асфальт төселді. Өңірде облыстық маңызы бар жолдарды жөндеу, қалпына келтіру және салу жұмыстары жалғасуда. 2026 жылға дейін тағы 50 ауылда асфальт төсеу жоспарланып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу