2024 жылы елімізде 22 777 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны бейімделді
istockphoto.com
Мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында елімізде 22 777 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қазіргі уақытта Қазақстанда 2025-2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасы, «Amanat» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған жол картасы және «Халықпен бірге» жобасы жүзеге асырылып жатыр.
«Amanat» партиясының жол картасы аясында 2023-2027 жылдары интерактивті қолжетімділік картасына енгізілген 40 мыңнан астам нысанды бейімдеу жоспарланған. Бұл жоспар жыл сайын нысандардың 20%-ын бейімдеуді көздейді. 2024 жылдың соңына дейін 17 325 нысанды бейімдеу жоспарланған болатын. Алайда өңірлердегі белсенді жұмыстардың нәтижесінде бұл көрсеткіш асыра орындалып, 22 777 нысан бейімделді.
2024 жылы бейімделген 22 777 нысанның ішінде:
- 3 385 – денсаулық сақтау объектілері
- 7 577 – білім беру объектілері
- 1 819 – мәдениет нысандары
- 3 943 – сауда және қызмет көрсету объектілері
- 3 367 – мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар
- 397 – спорт нысандары
- 108 – көлік инфрақұрылымы объектілері
- 140 – әлеуметтік қорғау объектілері
- 529 – қоғамдық тамақтану орындары
- 74 – ойын-сауық және демалыс нысандары
- 1 438 – басқа да нысандар.
2024 жылы Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің өңірлік департаменттері мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, мәдениет, әлеуметтік қорғау, кәсіпкерлік және сауда салаларындағы 2 695 әлеуметтік инфрақұрылым нысанын тексерді.
- 741 – профилактикалық бақылау
- 751 – жоспардан тыс тексеру
- 1 203 – прокуратура органдарының талабы бойынша тексеру
Тексеру нәтижесінде 1087 нысанға бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді. Сондай-ақ 230,3 млн теңге көлемінде 973 әкімшілік айыппұл салынды.
Маңызды: Егер бұзушылық алғаш рет анықталса, объект иелеріне айыппұл салынбай, тек жою туралы нұсқама беріледі. Алайда белгіленген мерзімде ол орындалмаса, айыппұл қарастырылады.