«Amanat»: Жол картасының міндеттері ШҚО-да қалай орындалып жатыр?
Фото: Данияр Сагидолдин
Бүгін «Amanat» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының Шығыс Қазақстан облысында орындалу барысы жария етілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Партияның сайлауалды бағдарламасының Жол картасы қоғамның өзекті сұраныстары негізінде әзірленген. Бүгінгі таңда партияның сайлауалды бағдарламаларын бақылау және мониторинг жасау бойынша жүйелі жұмыстар жасалып жатыр.
Жол картасының әрбір тармағы үшін барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары жауапты болып бекітілген. Олар құрылыс пен жөндеу жұмыстарын жергілікті жерлерге шығып бақылауда ұстайды. 11 ай ішінде депутаттар 600-ден астам іссапар жасаған.
«Amanat» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Шығыс Қазақстан облысы бойынша Жол картасы 96 тармақтан тұрады. 2023 жылы 88 тармақ, ал 2024 жылы 91 тармақ орындалуға қойылған.
Шығыс Қазақстан облысында осы жылдың 11 айында 91 тармақтың 53-і (58%) орындалды, ал қалған тармақтар бойынша жұмыстар жалғасуда және жыл соңына дейін жүзеге асатын болады. Жол картасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, тұрғын үй құрылысы, білім беру, медицина, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және әлеуметтік сала мәселелерін қамтиды.
Жол картасының ең маңызды шараларын атап өтсек, 2023-2024 жылдары ауыл шаруашылығы саласында 7 инвестициялық жоба және өнеркәсіп саласында 1 жоба іске қосылып, жаңғыртылды. Жалпы инвестиция көлемі 38,9 млрд теңгеден асты, 87 жұмыс орны құрылды.
Орындаған шаралар аясында жаңа өндірістік нысандар іске қосылды. Бұлар – Ұлан, Глубокое, Самар аудандарында 7 ауыл шаруашылығы кәсіпорны және Алтай ауданында өнеркәсіп саласындағы 1 инвестициялық жоба.
Атап айтар болсақ, Ұлан ауданы Самсоновка ауылында 1000 басқа арналған бордақылау алаңы салынды («Жанартау КЗ» ЖШС), инвестиция көлемі – 150 млн теңге, 2 жұмыс орны құрылды. «Өскемен құс фабрикасы» бройлерлік өндірісті кеңейтті, инвестиция көлемі – 30 млрд теңге, 30 жұмыс орны құрылды. Ұлан ауданы Привольное ауылында «Багратион» ШҚ 300 басқа арналған сүт фермасын салды, инвестиция көлемі – 800 млн теңге, 5 жұмыс орны құрылды. «AgroVostok LTD» ЖШС 400 басқа арналған сүт фермасын салды, инвестиция көлемі – 334,6 млн теңге, 5 жұмыс орны құрылды. Глубокое ауданы Малая Убинка ауылында «Убинка XXI» ЖШС астық кептіру кешенін жаңартты. Инвестиция көлемі – 1020 млрд теңге, 7 жұмыс орны құрылды. Самар ауданы Қараөткел ауылында «Қараөткел» ШҚ 96 бас ангус асыл тұқымды сиырын сатып алды. Инвестиция көлемі – 28,8 млн теңге, 3 жұмыс орны құрылды. Самар ауданындағы «Мәмбет» ШҚ жемшөп цехының құрылысын жүргізді, инвестиция көлемі – 96 млн теңге, 5 жұмыс орны құрылды. «Алтай» КБК байыту фабрикасының қолданыстағы өндірісін жаңғыртты («Казцинк» ЖШС). Инвестиция көлемі – 5 млрд теңге. 30 жұмыс орны құрылды.
Аталған нысандарға 33 млрд теңге тартылып, 57 жаңа жұмыс орны құрылды.
Халықтың әлеуметтік осал топтарына 616 пәтер берілді. 2 мектеп салынып, пайдалануға берілді – Тарбағатай ауданы Шеңгелді ауылында 100 орындық мектеп, Өскемен қаласында 600 орындық мектеп. Жыл соңына дейін Зайсан қаласында 300 орындық мектептің құрылысы аяқталады.
Қазіргі уақытта «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 8 мектептің құрылысы жалғасуда (Өскемен қаласында 3 мектеп, Риддер қаласында 1 мектеп, Глубокое ауданының Белоусовка және Опытное поле ауылдарында 2 мектеп, Алтай ауданының Жаңа Бұқтырма кентінде 1 мектеп, Шемонаиха қаласында 1 мектеп), 50 білім беру нысаны жөнделді.
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында ауылдық жерлерде 36 жаңа медициналық нысан (7 дәрігерлік амбулатория, 2 ФАП және 27 МП) ашу жоспарланған. Қазіргі уақытта 23 медициналық пункт пен 1 дәрігерлік амбулатория салынып, пайдалануға берілді, ал қалған 12 медициналық пункттің құрылысын ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.
16 мәдениет объектісіне күрделі жөндеу жүргізілді, оның 12-сі – ауылдық клубтар. Қазіргі уақытта Тоқтаров көшесі, 56 мекенжайындағы Шығыс Қазақстан өнер мұражайының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда.
18 медициналық мекемеге күрделі жөндеу жүргізілді.
Туризм саласында 7 жоба іске асырылды, оның ішінде «Шале ла бале» демалыс базасы, «Верх Катунь» және «Топқайың» демалыс базаларын жаңғырту, ауыр жүктерге арналған тұрағы бар жол бойындағы қонақ үй кешені және 3 қонақ үй, «Диамант» қонақ үй кешені және Өскемен қаласындағы «Best Western Plus» қонақ үйі. Ішкі туристер саны 359,6 құрады
«Ауыл аманаты» жобасы аясында 2023 жылы 1,5 млрд теңге сомасына 213 микрокредит берілді, 235 жаңа жұмыс орны құрылды. 2024 жылы 1 млрд теңге қарастырылып, 661,779 млн теңге сомасына 41 жобаға кредит берілді, жылдың соңына дейін бөлінген қаражат игерілетін болады.
«Жер Аманаты» жобасы аясында 94,2 мың га пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды (жоспардың орындалуы 135%-ды құрайды). 2023 жылы жер қайтару жоспары – 120 мың га, 2024 жылы – 70 мың га.
61,67 км жылумен жабдықтау, 538,93 км электрмен жабдықтауды желілерін, 376 км жергілікті маңызы бар жолдарды және елді мекендердің көшелерінің 97 км жолдарын салу және жөндеу жүргізілді, 99 км республикалық автомобиль жолдары реконструкцияланды. 13 ауылдық елді мекен орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілді. Өскемен және Риддер қалаларында 120 жаңа автобус сатып алынды.
16,7 мыңнан астам жаңа жұмыс орны, оның ішінде 7,4 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны құрылды. 3,3 мың жас жұмысқа орналастырылды, оның ішінде «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 361 адам орналасты.
Жол картасында «Бақытты отбасы» партиялық жобасы шеңберінде жобаларды іске асыру көзделген, қолдау шараларымен көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың барлық балалары толық қамтылған, барлық жоспарланған іс-шаралар өткізіледі, бюджеттен қаражат көзделген.
Жастардың бойында патриоттық сана мен әскери қызметке деген қызығушылықты қалыптастыру мақсатында «Qaisar» жобасы іске асуда. Ағымдағы жылы 120-дан астам іс-шара өтті. Жастарды толғандыратын өзекті тақырыптардың диалог алаңдарында талқылау үшін «Bir tolqynda» 115-тен астам іс-шарасы өткізілді.
Сонымен қатар ағымдағы жылы екі тармақ орындалмады, оның бірі – «Ірі инвестициялық жобаларды іске асыру». Себебі – сумен жабдықтау жүйелерінің жобалау-сметалық құжаттамасының дайын болмауы, меншік иесінің ауысуы, сондай-ақ инвестициялардың болмауы. 2024 жылы 8 ауылдық елді мекенде газбен жабдықтау желілерін салу жоспарланған. Алайда, «StroyGazCompany» ЖШС мердігер ұйымы шартты бұзу және қаржы қаражатын қайтару үшін сотқа талап арыз берді.
Ержан Әбіш