Қазақстанда жолдарды басқаруға арналған «E-Joldar» платформасы әзірленеді
Фото: ҚР Көлік министрлігі
Көлік министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, елімізде жол инфрақұрылымын басқаруды жаңғырту мақсатында «E-Joldar» бірыңғай цифрлық платформасы енгізіледі. Бұл жүйе халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық жолдар туралы мәліметтерді біріктіріп, жолдарды басқару үдерісін автоматтандыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Платформа жол сапасын бақылауды күшейтіп, инфрақұрылым мәселелерін жедел шешуге жағдай жасайды. Сонымен қатар жол пайдаланушылары мен жергілікті органдар арасында тиімді байланыс орнатады.
Жаңа жүйені 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында іске қосу жоспарланып отыр.