Өскеменде алғаш рет «Vipusknik.kz - 2025» республикалық білім көрмесі өтеді

2025 жылдың 17-18 ақпанында Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысында алғаш рет «Vipusknik.kz - 2025» республикалық білім көрмесі өтеді. Көрмеге Астана, Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Павлодар, Өскемен және Семей қалаларының жетекші білім беру мекемелері қатысады.
Көрмені ұйымдастырушы – Vipusknik.kz мамандандырылған республикалық интернет-порталы, ол Қазақстандағы ТОП-100 үздік порталдың қатарына енген. 2024 жылы порталдың қаралым саны 5 миллионға жетті.
Іс-шара Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мен білім басқармасының қолдауыменөтеді.
Көрменің басты ерекшелігі – мақсатты аудиторияны кеңінен қамту. Өскемен қаласындағы барлық мектептердің 9, 10, 11-сынып оқушыларының қатысуы арнайы бекітілген кесте бойынша ұйымдастырылады.
– Өскемендегі 49 мектептен 8 мыңға жуық оқушы көрмеге тікелей қатысады;
– Облыстағы 189 аудан мектебінің оқушылары көрмеге Zoom конференциясы арқылы қосылады;
– Жалпы 10 500-ден астам оқушы көрмеден ақпарат алуға мүмкіндік алады.
Бұл көрме талапкерлерге жоғары оқу орындарын таңдауда нақты шешім қабылдауға көмектесіп, олардың болашақ мамандықтары туралы кеңінен ақпарат алуына ықпал етеді.