Қазақстан Жапонияда өтетін EXPO көрмесіне қатысады

Фото: egemen.kz
«QazExpoCongress» ҰК» АҚ басшылығы EXPO 2025 Osaka ұйымдастыру комитетінің өкілдерімен кездесіп, Қазақстанның көрмеге қатысу шартына қол қойды.
Қазақстан павильоны Италия, Нидерланд, Сингапур және Болгария павильондарымен көршілес орналасады, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Қазақстан тарапынан шартқа Ұлттық секцияның бас комиссары Дәулет Еркімбаев, Жапония тарапынан қауымдастықтың Бас хатшысы Хироюки Ишиге, EXPO 2025 Osaka Дүниежүзілік көрмесінің Бас комиссары Коджи Ханеда қол қойды.
«QazExpoCongress» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, EXPO 2025 көрмесі Осакадағы Юмешима жасанды аралында өтеді.
«Біздің өміріміз үшін болашақ қоғамын құру» көрмесі «Өмірді құтқару», «Құқық пен мүмкіндіктерді кеңейту» және «Өмірлерді біріктіру» тақырыпшаларынан құралған.
Көрменің жалпы ауданы – шамамен 155 гектар.