KZ
Өскемен
-14°
туман Штиль
497.89 520.89 5.47

ШҚО әкімдігі мен Төтенше жағдайлар департаменті жағдайды бақылауда ұстап отыр

15.02.2025, 09:00 543 Төлеуғазы Жансая

Шығыс Қазақстан облысында «112» пультіне 9 ауданнан 50-ге жуық қоңырау түскен. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қар көшкіні, сел жүруі тіркелген жоқ. Жер сілкінісі туралы ақпарат облыс тұрғындарының назарына жеткізілді. Тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, тұрғындар арасында дүрбелең, толқу жоқ.

Жер сілкінісі туралы ақпарат ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің барлық әлеуметтік парақшаларында: Telegram, Instagram, Facebook желілерінде, сондай-ақ ШҚО ТЖД сайтында және БАҚ-та дер кезінде жарияланды. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу