ШҚО мен Абай облысында жер сілкінісі сезілді

15 ақпан күні таңғы 06:48-де Ресей аумағында жер сілкінісі тіркелді. ҚР ТЖМ мәліметінше, зілзаланың күші ШҚО мен Абай облысының бірнеше елді мекенінде 2-3 баллға жетті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Зілзаланың эпицентрі Ресей аумағында, Алматы қаласынан 1225 км солтүстік-шығысқа қарай орналасқан.
ШҚО ТЖД «112» пультіне 50-ге жуық қоңырау түскен, сондай-ақ Семей қаласынан да бірнеше хабарлама тіркелді.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат жоқ, барлық нысандар қалыпты жұмыс істеуде.
Оқи отырыңыз