KZ
Өскемен
-22°
плотный туман Штиль
499.76 521.7 5.63

Украинада қаза тапқан ШҚО тұрғындарына қатысты алдын ала тергеу аяқталды

18.02.2025, 16:30 265 Төлеуғазы Жансая

ҚР ҰҚК Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті Өскемен қаласының екі тұрғынына қатысты ҚР ҚК 172-бабы («Шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу») бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

«Аталған азаматтар 2024 жылы Ресейге шығып, Украина аумағындағы шетелдік қарулы қақтығысқа қатысып, Донецк облысында ауыр жарақат алып, қайтыс болған. Олардың денелері Өскеменге жеткізілді. Сараптама қорытындысына сәйкес, өлімнің себебі – «жарылыстар мен жарықшақтардан болған зақымданулар салдарынан жедел массивті қан жоғалту», – деп атап өтті  ШҚО бойынша ҰҚК.

2025 жылы Өскемен қаласының №2 сотының қаулысымен ҚР ҚПК 35-бабы 1-бөлігі 11-тармағына сәйкес айыпталушылардың қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды.
Аталған қылмыстарға қарсы іс-қимыл – аймақтың арнайы органдарының басым бағыттарының бірі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу