KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
477.62 527.67 5.25

Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Жамбыл облысының полиция департаменті

17.08.2024, 21:00 109 Назерке Каримова

Тойота Альфард автокөлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, патрульдік полиция көлігімен соқтығысқан.

Ауыр апат салдарынан алты адам оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР ІІМ ақпаратына сүйеніп.

- 17 тамызда сағат 01.00 шамасында "Меркі - Шу - Бурылбайтал" республикалық маңызы бар автожолының 40-шақырымында ауыр жол-көлік оқиғасы болды. 25 жастағы Тойота Альфард автокөлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, Шкода Октавия патрульдік полиция көлігімен соқтығысқан, - делінген хабарламада. - Апат салдарынан жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүрген қызметтік көліктегі екі патрульдік полиция қызметкері қаза тапты.


Қайтыс болған полиция қызметкерлерінің бірі 11 бала тәрбиелеп отырған көпбалалы әке.

Тойота Альфард көлігінде 8 жолаушы болған. Олардың төртеуі сол жерде қаза болып, үш жолаушы мен жүргізуші түрлі дәрежедегі дене жарақаттарымен аудандық орталық ауруханаға жатқызылды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив