KZ
Өскемен
-20°
туман жел 1 м/с, С
502.47 525.83 5.68

ШҚО полицейлері 6 мың метрден астам браконьерлік торды тәркіледі

Кеше, 17:00 260 Төлеуғазы Жансая

Шығыс Қазақстан облысында өткен «Браконьер» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында заңсыз орнатылған 6 мың метрден астам тор мен 600 келі балық тәркіленді, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Табиғатты қорғау және құқық қорғау органдарының бірлескен жұмысы нәтижесінде экологиялық заңнаманы бұзудың 232 фактісі анықталып, табиғатқа келтірілген залалдың жалпы сомасы 4,5 миллион теңгеден асқаны белгілі болды.

Айта кетерлік жағдайлардың бірі – 37 жастағы ер адамның ұсталғаны. Ол ВАЗ-2110 автокөлігімен жүрген кезде тоқтатылған. Көлікті тексеру барысында әртүрлі балық түрлері табылған, алайда олардың заңды аулағанын растайтын құжаттары болмаған. Ер адам Зайсан көлінде монотор орнатқанын және ауларын тексеруге келгенін мойындады. Дәл сол сәтте оны полиция қызметкерлері ұстады.

Заңсыз ауланған балықтың жалпы салмағы 100 келіні құрап, экожүйеге келтірілген залал 500 мың теңгеден астам деп бағаланды. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Браконьер» жедел-алдын алу іс-шарасы әлі де жалғасуда. Құқық қорғау және табиғатты қорғау органдарының өкілдерінен құралған мобильді топтар заңсыз балық аулауға қарсы күрес жүргізіп, өңір экологиясын қорғау жұмыстарын жалғастыруда.

Ержан Әбіш

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу