ШҚО полицейлері заңсыз ауланған балықтың ірі партиясын тәркіледі
Фото: Polisia.kz
Енді заңсыз балық аулаған Тарбағатай ауданының тұрғыны қылмыстық жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
30 жастағы ер адам Зайсан көлінің жағасында рейд жүргізу кезінде ұсталды.
- Оқиға орнында тәртіп сақшылары 130 келіге жуық көксерке мен лещь балығын, сондай-ақ 15-тен астам монофиламентті ауларды тауып, тәркіледі. Табиғатқа келтірілген залалдың жалпы сомасы 600 000 теңгеден асты. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - деп түсіндірді ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айжанат Бақытқызы
Оқи отырыңыз