Әскери оркестр жолаушыларға патриоттық әндер орындады
Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5518 әскери бөлімінің оркестрі қаладағы қоғамдық шараларға белсене қатысады. Әскери оркестр таяуда ”Жеңіске 100 күн қалғанда” акциясы аясында қаладағы сауда үйінде соғыс жылдарындағы әндерді орындап, жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленген болатын. Ұландықтар кезекті концертін Өскемен автовокзалында өткізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жолаушылар көп жиналған ғимаратта оркестрдің кәсіби деңгейде орындаған туындылары көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Алуан түрлі музыкалық аспаптың дауысын ести сала, өнерпаздарға қызығушылық танытқандардың саны лезде артты. Тіпті, кезекті бағдарламасын аяқтаған оркестрге тағы да өнер көрсетулерін сұрап, қолқа салғандар да болды.
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі