Еліміздегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты

pexels.com
Қазақстанда инфекциялық аурулардың негізгі түрлері бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, иммундауды күшейту мен алдын алу шараларының нәтижесінде қызылша мен көкжөтел көрсеткіштері айтарлықтай төмендеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
2025 жылдың басынан бері елде қызылшаның 273 жағдайы тіркелді, оның ішінде қаңтар айында 168 жағдай анықталды. Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 98,2%-ға төмен. Соңғы аптада 59 жағдай тіркелген. Көкжөтел бойынша да оң динамика байқалады. Биыл 104 жағдай анықталса, оның 69-ы қаңтар айында тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 49%-ға аз. Өткен аптада көкжөтелдің 18 жағдайы есепке алынды,- делінген хабарламада.
Аурудың басым бөлігі екпе алмаған балалар арасында анықталуда. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі вакцинацияны бақылау жүйесін цифрландыру жұмыстарын жалғастыруда. Бұл профилактикалық екпелерді есепке алып, вакциналардың сақталуын тиімді бақылауға мүмкіндік береді.
Оқи отырыңыз