KZ
Өскемен
-21°
плотный туман Штиль
510.18 601.91 6.51

Өскеменде құтқарушылар жанып жатқан автобусты сөндірді (видео)

25.02.2025, 11:40 797 Гульжан Мусина

 

Өскемен қаласындағы Ярославская көшесінде жолаушылар автобусы өртенді. Өрт мотор бөлігінен басталып, кейіннен салонға тараған. Оқиға кезінде жүргізуші көлікті дер кезінде тоқтатып, сыртқа шығып үлгерген.

Оқиға орнына шұғыл жеткен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өртті толығымен сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталуда.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалыңыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу