ШҚО құтқарушылары бірнеше өртті сөндірді

ШҚО ТЖД
Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар бірнеше өртті сөндірді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Ұлан ауданы, Тарғын ауылында шаруа қожалығы аумағында қызметкерлер тұратын үйде өрт шықты.
-ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерінің жедел әрекетінің арқасында өрт 80 шаршы метр аумақта тоқтатылды. Зардап шеккендер жоқ, – дейді ТЖД.
Бұдан бөлек, Шемонаиха ауданына қарасты Усть-Таловка кентінде жеке тұрғын үй аумағында монша өртенді.
-ТЖД күштері өртті жедел сөндіріп, жалын 26 шаршы метр аумаққа жайылған. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталуда, – деп хабарлады ШҚО ТЖД.
ШҚО ТЖД тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді. Қауіпсіздік шараларын орындау арқылы төтенше жағдайлардың алдын алуға болады.
Оқи отырыңыз