"Балалар отпен ойнаған". Самар ауданында 11 тонна шөп өртеніп кетті
Фото: ШҚО ТЖД
Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданында шаруа қожалығының аумағында 11 тонна шөп өртенді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Оқиға орнына дер кезінде жеткен құтқарушылар өртті сөндірді.
«Зардап шеккендер жоқ. Болжам бойынша өрттің себебі - балалардың отпен ойнауы»,-деп хабарлайды ШҚО ТЖД.
Төтенше жағдайлар министрлігі заң бойынша баланың өрт қоюына ата-ана жауапты екенін ескертеді.
Оқи отырыңыз