KZ
Өскемен
-21°
туман жел 1 м/с, СБ
499.22 519.14 5.64

Риддерде тасқынның алдын алу шаралары күшейтілді  

Бүгін, 17:40 93 Әбішев Ержан

Риддер қаласында су тасқыны қаупін азайту мақсатында қар шығару және арықтарды тазарту жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Риддерде су тасқыны қаупінің алдын алу жұмыстары жүріп жатыр. Қаладан 68 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл су басу қаупін айтарлықтай төмендетеді. Жақын арада коммуналдық қызметтер еріген судың кедергісіз ағуын қамтамасыз ету үшін 13 шақырым арықтар мен 70 су өткізу құрылыстарын тазартуға кірісетін болады.

Максималды нәтижеге қол жеткізу үшін жалпы жауапкершілік таныту маңызды. Қалалық қызметтер тұрғындарды іргелес аумақтарды уақтылы тазартуға, арықтарды бітемеуге және кептелістер мен проблемалық учаскелер туралы жедел хабарлап отыруға шақырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу