KZ
Өскемен
-17°
туман Штиль
503.35 590.63 6.62

Өскеменде Рыпакова атындағы Х халықаралық турнир жалауын желбіретті (видео)

1.03.2025, 19:00 922 Төлеуғазы Жансая

Өскеменде Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлдесі үшін Х Халықаралық турнирдің ашылу салтанаты өтті. Оған 21 елдің спортшылары келіп, өзара бақ сынасуда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Дүбірлі жарыстың ашылу салтанатына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысып, әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған спортшыларға сәттілік тіледі.

–  Құрметті спортсүйер қауым, қадірменді спортшылар! Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған X халықаралық турнирдің ашылуымен құттықтаймын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың салауатты өмір салтын ұстануы - дені сау ұлтты қалыптастырудың негізгі шарты екенін атап айтқан болатын. Шығыс Қазақстан облысындағы 1687 спорттық нысанда облыс халқының 43 пайыздан астамы жаттығады. Бүгінгі айтулы жарыс – Алғыс айту күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Осы орайда, біздің мақтанышымыз – Ольга Рыпаковаға еліміздің Туын биіктетіп жүрген ерен еңбегі үшін алғыс айтамын, – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Бұл жылы еліміздің саңлақтарымен бірге Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Армения, Әзірбайжан, Сингапур,  және Сауд Арабия құрамаларының мықтылары сынға түспек. 

Ажар Мұратқызы

Фото: Махаббат Ахметжанова

Видео: Данияр Сагидолдин

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу