KZ
Өскемен
-12°
туман жел 1 м/с, С
499.22 519.14 5.64

«Торпедо» «Ақтөбені» жеңіп, жартылай финалға шықты (видео)  

Кеше, 10:00 205 Гульжан Мусина

Өскемендік «Торпедо» хоккей клубы плей-оффтың ширек финалдық сериясында «Ақтөбені» 5:4 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Кездесу жоғары қарқында басталды. Алғашқы төрт минутта «Ақтөбе» шабуылды күшейтіп, есеп ашты. Алайда өскемендік команда қарымта қайтарып, 8-минутта Эрик Алдабергенов (№67) шайбаны дәл бағыттап, есепті теңестірді. Ал араға алты минут салып, сол Алдабергенов дубль жасап, командасын алға шығарды – 2:1. Бірінші кезеңнің соңына дейін «Торпедо» бастаманы өз қолына алып, қарсыластың қорғанысын қыспаққа алды.  

Екінші кезеңде «Ақтөбе» есепті қайта теңестірді – 24-минутта қонақтар мүмкіндігін мүлт жібермеді – 2:2. Бірақ ойын қарқыны бәсеңдеген жоқ. Қарсылас ойыншысы айдыннан қуылғанына қарамастан, «Торпедо» басымдықты пайдалана алмады. Дегенмен 34-минутта Александр Акмальдинов (№29) қарсыластың қорғанысын жарып өтіп, есепті 3:2-ге жеткізді. 38-минутта Илья Олендаренко (№9) тағы бір шайба соғып, есепті 4:2 қылды.  Ойын соңында «Ақтөбе» қақпашыны алаңнан алып тастап, бар күшін салды. Алайда «Торпедо» қорғанысын берік ұстап, жеңісті сақтап қалды.  Есеп - 5:4. 

Матчқа жанкүйерлер көп жиналды. Олардың қатарында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов та болды. Ойыннан кейін аймақ басшысы хоккейшілерді жеке құттықтады.  

 

– Сіздер бізге керемет кеш сыйладыңыздар, жеңістеріңіз құтты болсын! Бүкіл Шығыс Қазақстан сіздермен мақтанады. Жартылай финалда да сәтті өнер көрсетіп, чемпион атануларыңызды тілейміз! – деді әкім.  

Сонымен қатар, Сақтағанов «Торпедо» клубының бапкерлерімен кездесіп, аймақтағы хоккейдің даму стратегиясын талқылайтынын айтты.  

Бұл матчта өскемендік клуб мінез көрсетіп, жеңіске деген жігерін дәлелдеді. Қарсыластың қысымына төтеп беріп, жартылай финалға жолдама алды.  

Дамир Омаров  
Фото: Нелли Петенева, Махаббат Ахметжанова  
Видео: Жәнібек Ырысбай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу