Жастарды экологиялық бастамаларға тарту: Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ алаңында пікірталас өтті
Бүгін Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде жастарды экологиялық бастамаларға тартуға арналған интерактивті пікірталас өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, экологиялық ұйымдар және сарапшылар қауымдастығы қатысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Басты спикерлердің бірі – «Өскемен тынысы» экологиялық қорғаныс бюросының жобалық кеңсесінің жетекшісі Елена Березинская-Абилова жастарды өңірдің экологиялық мәселелерін шешуге белсенді қатыстыру бойынша өз тәжірибесімен және ұсыныстарымен бөлісті.
Пікірталасқа сондай-ақ: ШҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Еламан Мұхтарханов, «ECOJER» өңірлік экологиялық кеңесінің төрағасы, «Өскемен тынысы» бюросының мүшесі Виталий Чернецкий, «ECOJER» филиалының экологы, «Өскемен тынысы» бюросының мүшесі Вадим Кушнарев қатысты.
Пікірталас барысында Шығыс Қазақстан облысының экологиясына қатысты өзекті мәселелер қарастырылып, жастардың тұрақты экологиялық тәжірибелерді дамытудағы рөлі және оларды табиғатты қорғау бастамаларына белсенді тарту шаралары талқыланды.
Фото: Аяужан Утеулинова