KZ
Өскемен
-1°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОБ
499.11 521.12 5.58

Қазақстандықтар жеке куәлік пен төлқұжатты онлайн ауыстыра алады

Фото: gov.kz

Бүгін, 12:00 58 Гульжан Мусина

Елімізде мерзімі өткен жеке куәлік пен төлқұжатты онлайн ауыстыру мүмкіндігі қарастырылуда. Пилоттық жоба іске қосылып жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мен Цифрлық даму министрлігінің бұйрық жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жоба «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» Заңды іске асыру шеңберінде әзірленді. Оның мақсаты – үдерісті жетілдіру, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және қазақстандықтарға жеке куәлік пен төлқұжатты беру рәсімін жеңілдету, - делінген құжатта.

Жоба 2026 жылдың 1 наурызына дейін жарамдылық мерзімі өткен жеке куәлікті онлайн ауыстыруды балама әдіс ретінде енгізуді көздейді. Бұл қызмет тек белгілі бір жағдайларда ғана қолжетімді болады:

Жеке куәліктің мерзімі аяқталуына 30 күн немесе одан аз уақыт қалса;

Құжат мерзімі өтіп кеткеніне 10 күнтізбелік күннен аспаса.

Құжатта көрсетілгендей, өзге себептермен жеке куәлік пен төлқұжатты онлайн ауыстыру мүмкін болмайды. Мұндай жағдайда азаматтар Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінуі қажет.

Жоба іске қосылғаннан кейін қазақстандықтар «Электрондық үкімет» порталы немесе мобильді қосымшалар арқылы өтініш беріп, құжаттарын онлайн түрде жаңарта алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу