KZ
Өскемен
-10°
облачно с прояснениями Штиль
504.6 594.27 6.48

ШҚО ТЖД: Құлақтандыру жүйесіне тексеру жүргізіледі

5.03.2025, 11:00 849 Әбішев Ержан

Ертең, 6 наурызда сағат 11:00-де «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті құлақтандыру жүйесін тексереді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Тексеру барысында электр сиреналары, сиреналық-сөйлеу құрылғылары және телерадиоарналарды қамту жүйелері іске қосылады. Бұл шара төтенше жағдайлар кезінде халықты жедел құлақтандыру және қауіпсіздік шараларын жетілдіру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

– Құрметті тұрғындар! Сиренаның дабылын естіген кезде сабырлық сақтаңыз, үрейге бой алдырмаңыз және күнделікті әрекеттеріңізді жалғастырыңыз. Бұл тексеру мақсатындағы жоспарлы шара екенін ескертеміз, – деп мәлімдейді Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу