KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 2 м/с, В
471.46 504.79 5.53

Дабылды естіген шығысқазақстандықтар 15-20 минутқа далаға шығуы керек

2.06.2024, 22:00 71 Назерке Каримова

Қарағанды облысы ТЖД жиынтық тобы Шығыс Қазақстан облысында республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларды өткізу шеңберінде нұсқаулық өткізді, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар департаменті 3-4 маусым аралығында облыс аумағында еліміздің сейсмикалық қауіпті өңірлерінде болуы мүмкін жер сілкіністерін жою бойынша республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілетінін хабарлады.

- Осыған байланысты «Баршаның назарына!» құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында 3 маусым 10.00-де барлық қолда бар дыбыстық электр сиреналары іске қосылады. Баршаңызды тыныштық сақтауларыңызды және үрейге бой алдырмауларыңызды сұраймыз. Сиренаның «Баршаның назарына!» сигналын естігенде қазіргі жағдайдағы әрекеттер туралы ақпарат пен нұсқаулар алу үшін эфирлік хабар таратудың теле-, радиоарналарын қосу қажет, - деп хабарлады ШҚО ТЖД.


Осы уақытта барлық азаматтар өз үй-жайларын шұғыл түрде 15-20 минутқа тастап далаға шығу қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив