Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттерінің жұмысы уақытша тоқтатылады

pexels.com
Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасында 21-23 наурыз аралығында «Наурыз мейрамы» мерекесіне байланысты Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады. Тасымалдаушылар мен барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз,- делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз