ШҚО-да полицейлер заңсыз еңбек етіп жүрген мигранттардың жұмысын тоқтатты

Фото: ШҚО ПД
Шығыс Қазақстан облысында «Мигрант» жедел профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Рейдтік шаралар барысында ШҚО ПД Көші-қон қызметінің қызметкерлері Өскемен қаласындағы тұрғын үй кешенінің құрылысында заңсыз жұмыс істеген көрші елдің 9 азаматын анықтаған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Сонымен қатар, заңды тұлға шетелдік жұмысшылардың ел аумағында болуы туралы полиция органдарына уақытылы хабарламағаны үшін жауапқа тартылды. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.
Құқық қорғау органдары көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау жұмыстарын жалғастыруда және Қазақстан азаматтары мен шетелдік қонақтарды белгіленген талаптарды қатаң сақтау керектігі туралы ескертеді.