KZ
Өскемен
-25°
туман жел 1 м/с, СШ
489.15 533.47 5.64

Қар көшкіні: ертең Өскемен – Алтай жолы жабық болады

Кеше, 19:45 72 Төлеуғазы Жансая

 

Бүгін таулы аймақтағы жауын-шашынның ұлғаюына және қар массасының артуына байланысты «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 61–64 шақырымында өздігінен қар көшкіні жүрді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта қар көшкінінен кейінгі аумақты тазарту жұмыстары жүргізілуде. Жолды ашып, көлік қозғалысын қалпына келтіру үшін 7 техника және 10 маман жұмылдырылды.
Сонымен қатар, 13 наурыз күні сағат 10:00-де ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» мекемесі алдын алу мақсатында қар көшкінін түсіру жұмыстарын (жарылыс әдісімен) жүргізуді жоспарлап отыр. Осыған байланысты, жол қозғалысын ашу уақыты 13 наурыз күні кешкі сағат 18:00-ге белгіленіп отыр.

Жүргізушілер мен жолаушыларға жолға шықпас бұрын ауа райы мен жол жағдайына қатысты ресми ақпаратты қадағалап отыру ұсынылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу