KZ
Өскемен
-7°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
499.04 544.45 5.96

ШҚО-да 17 облысішілік бағыт бойынша тасымалдаушы анықталмақ

Фото: pixabay.com

Кеше, 15:50 85 Гульжан Мусина

Шығыс Қазақстан облысында жолаушыларды тасымалдау құқығын алу үшін конкурс өтеді. Байқау 11 сәуірде ұйымдастырылып, оған жеке және заңды тұлғалар қатыса алады, деп хабарлайды Altainews.kz  тілшісі.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, конкурс ішкі облыстық жолаушылар мен жүк тасымалдау бағыттарын қамтиды.

Конкурсқа келесі бағыттар ұсынылған:

Өскемен – Самар
Өскемен – Малоубинка
Өскемен – Тройницкое
Өскемен – Новая Канайка
Өскемен – Асу-Бұлақ
Өскемен – Ново-Азовое
Риддер – Семей
Өскемен – Алтай
Өскемен – Ақсуат
Шемонаиха – Семей
Өскемен – Белое
Өскемен – Қаракөл
Өскемен – Ново-Ульбинка
Өскемен – Бозанбай – Сібе көлдері
Өскемен – Марқакөл
Марқакөл – Зайсан
Самар – Алматы

Басқарма өкілдерінің айтуынша, конкурсқа меншік түріне қарамастан, көлік құралдарына иелік ететін немесе заңды негізде пайдаланатын кез келген жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу