KZ
Өскемен
+1°
небольшая облачность жел 2 м/с, З
496.41 542.77 6.05

Күршім ауданындағы жаңа көпір туризмді дамытуға кең мүмкіндік ашады

Кеше, 12:30 56 Гульжан Мусина

Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында туризм қарқынды дамып келеді. Бұл үрдіске ықпал ететін негізгі факторлардың бірі – Бұқтырма су қоймасынан өтетін жаңа көпірдің салынуы. Көпірдің құрылысы көлік қатынасын жақсартып, өңірдің туристік әлеуетін арттыруға серпін беруде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Күршім ауданы әкімдігінің Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған жоба аясында өңірдің туристік мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Жоба шеңберінде бірнеше бағыт бойынша жұмыстар атқарылды:

Инфрақұрылымды дамыту – жаңа көпір мен жолдардың салынуы табиғи және мәдени көрікті жерлерге қолжетімділікті арттырды.
Жастарды тарту – ауданның жас тұрғындары туризм саласына белсенді түрде араласуда, бұл жаңа жұмыс орындарының ашылуына және кәсіпкерліктің дамуына ықпал етеді.

Жоба шеңберінде Күршім ауданындағы төрт бастама қолдау тапты. Оған Абай, Құйған ауылдық округтері мен Күршім ауылының белсенді жастары қатысты. Қатысушылар алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жаңа көпірдің салынуы ауданның көлік инфрақұрылымын жақсартып қана қоймай, ішкі туризмді дамытуға да жаңа мүмкіндіктер ашты. Жақсы жол қатынасы өңірдің тартымдылығын арттырып, жергілікті экономиканың өсуіне оң әсерін тигізеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу