KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 1 м/с, З
500.32 545.3 6

Шемонаихада Уба өзені арқылы өтетін жаңа көпір құрылысы басталады - ШҚО

Кеше, 11:20 97 Төлеуғазы Жансая

Шемонаиха қаласындағы Уба өзені арқылы өтетін көпірдің қазіргі жағдайы апатты деп танылып, жаңа көпір салу мәселесі қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz  тілшісі. 

1962 жылы салынған көпірдің ұзындығы – 227 м, биіктігі – 7,65 м. Көпірдің тозуына байланысты 23 тоннадан асатын көліктерге шектеу қойылып, кері қозғалыс ұйымдастырылған.

Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділовтің айтуынша, жаңа көпір құрылысына қатысты жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, аяқталу сатысында тұр.

– Құрылыс-монтаждау жұмыстарының құны – 8,5 млрд теңге деп бағалануда. Дегенмен нақты сома мемлекеттік сараптамадан кейін белгілі болады, – деді баяндамашы.

Жоспарға сәйкес, жаңа көпірдің ұзындығы – 242 метр болады. Онда 3,5 метрлік екі жолақ қарастырылған. Сондай-ақ, екі жағынан 2,2 метрлік жаяу жүргінші жолдары салынады.

Көпір құрылысы 2025 жылдың екінші жартысында басталады деп жоспарлануда. 

Фото: Махаббат Ахметжанова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу