Өскеменде жаңа екі көпір салынады
Pexels.com
Өскемен қаласында Ертіс өзені арқылы екі жаңа көпірдің құрылысы жоспарланып отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Виноградова көшесінен Миновное кентіне апаратын жаңа көпірдің жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу үшін мердігер компания анықталды.
– Жобалық-сметалық құжаттарды дайындау бойынша өткен конкурста үш компания бақ сынады. Соның ішінде «Казахский промтранспроект» ЖШС жеңімпаз атанды. Бұл компания Күршімдегі көпірдің және Павлодардағы «Нұрлы жол» көпірінің жобалық-сметалық құжаттарын жасаған тәжірибесі бар. Сондықтан олардың жұмысына сеніміміз зор. Қазір келісімшарт рәсімдеудеміз. Жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу шамамен бір жылға созылады. Егер бәрі сәтті болса, келесі жылы жаңа көпірдің құрылысы басталады, – деді ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов.
Сонымен қатар басқарма басшысы Протозанов және Красина көшелерін қосатын тағы бір жаңа көпір салу жоспарда бар екенін айтты. Бұл көпір тұрғындарға Протозанов көшесінен жаңа жағалауға шығуға мүмкіндік береді.
Ақерке Рағызбаева
Оқи отырыңыз