KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 2 м/с, СШ
502.83 545.37 5.95

Су тасқынына дайындық: ШҚО әкімі жағдайды бақылауда ұстап отыр (видео)

Кеше, 13:55 111 Гульжан Мусина

 

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов су тасқыны қаупі жоғары аумақтарға – Катонқарағай және Алтай аудандарына әуе шолуын жүргізді. Жедел штаб мамандарымен бірге өзендер, су қоймалары мен қар жамылғысының жай-күйіне мониторинг жасалды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қар қоры белгіленген нормадан 10-20%-ға артық. Алтай қаласы маңында қар қалыңдығы 100 см-ге жетсе, таулы аймақтарда 2,5 метрден асады. Бұл өңірлердегі су қоры шамамен 500 мм. Катонқарағай ауданында қар биіктігі 30-50 см шамасында, су қоры – 100 мм.

– Жедел штаб өкілдері мен тиісті сала мамандарымен бірге Катонқарағай және Алтай аудандарындағы су тасқыны жағдайына мониторинг жүргіздік. Маршрут бойымен қардың қарқынды еруі байқалады, қар қоры 10-20%-ға артық. Таулы өңірлерде қардың биіктігі 2 метрден асады. Жалпы алғанда, гидрологиялық және мұздық жағдай тұрақты. Бұқтырма өзенінде мұз жарылу процесі басталды, ал Бұқтырма су қоймасында әлі де тұтас мұз қабаты сақталған. Жағдай тұрақты бақылауда, барлық күштер мен құралдар дайындықта тұр, – деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Сонымен қатар облыс әкім Катонқарағай ауданындағыполиция, әкімдік, прокуратура мен сот ғимараттарын аралады. Бұл нысандарда күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған. Сондай-ақ проблемалық нысандардың бірі – Дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне барды. Мұнда құрылыс-монтаж жұмыстарының 75%-ы аяқталған, техникалық қадағалау анықтаған ақауларды мердігер жоюда. Нысанда жылыту және желдету жүйелерінің монтажы толық аяқталған. Бұл кешен белгіленген кестеге сәйкес пайдалануға беріледі.

Облыс әкімі аудан әкімдеріне әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысын үнемі бақылауда ұстауды тапсырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу