KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
501.31 520.11 5.33

Бұқтырма өзенінде су деңгейі көтерілді

Фото: allinsurance.kz

16.01.2024, 23:00 261 Мадина Амангелдіқызы

Катонқарағай ауданына қарасты Барлық ауылының тұсындағы Бұқтырма өзенінде су деңгейі көтеріліп кетті. Жергілікті атқарушы органдар жағдайды бірден бақылауға алды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Сағат 19.00-де мұндағы судың деңгейі  335 см-ге жетті. Сағат 20.00-ден бастап 330 см-ге дейін біраз төмендеген. Жалпы судың қауіпті деңгейі – 300 см.

Катонқарағай ауданының әкімі ТЖ бөлімінің басшысымен және Қазгидромет өкілімен бірге оқиға орнына жедел жетіп, қосымша тексеру жұмыстарын жүргізді.

Өзен суы арнасынан тасымапты, бөгеттен аспаған, әзірге су басу қаупі жоқ.

Жағдайды бақылауда ұстау үшін ШҚО ТЖД-нің 4 қызметкері сол жерде тікелей мониторинг жасап отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу