KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
515.03 584.82 6.24

Кене энцефалиті: Жәндіктердің шағуынан қалай сақтануға болады?

pexels.com

10.04.2025, 11:00 155 Төлеуғазы Жансая

Көктем мен жаздың жылы күндері табиғатта демалуға деген ынтаны арттырады, бірақ бұл мезгілде кенелердің шабуылы да көбейеді. Кене энцефалиті – осы жәндіктердің тасымалдай алатын ауруларының бірі. Денсаулық сақтау министрлігі осы қауіпті инфекциядан сақтану үшін маңызды алдын алу шараларын ұсынады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Кене энцефалитінің жұғу жолдары:

  • Вирус жұқтырған иксод кенесі адамға жабысқан кезде;

  • Кенелердің жаппай шабуылы кезінде, кейде шикі сүт арқылы (ешкілер, қойлар, сиырлар);

  • Кенені жаншып немесе шаққан жерін қасып, вирус таралуы мүмкін.

Кене энцефалитінің белгілері:

  • Жалпы әлсіздік, бастың ауруы

  • Жүректің айнуы, құсу

  • Тәбеттің төмендеуі, дене температурасының жоғарылауы

  • Кене шаққан жердің қызаруы (гиперемия)

Кене энцефалитінің алдын алу үшін келесі ескертулерді мұқият сақтаңыз:

  1. Табиғатта демалу кезінде, саяжайда және т.б. ұзын жеңді көйлек киіп, шалбарды шұлыққа салып, бас пен мойынды орамалмен немесе капюшонмен жабу;

  2. Көйлек пен денені үнемі тексеріп, кенелерді дер кезінде табу;

  3. Дененің ашық жерлерін және киімдерді репелленттермен өңдеу;

  4. Кене шаққан жағдайда бірден медициналық ұйымға жүгіну;

  5. Егер медициналық көмекке қол жеткізу мүмкін болмаса, кенені өз бетіңізше алу. Бұл үшін арнайы пинцетпен немесе жіппен ақырын тарту арқылы жасауға болады. Егер тұмсығы теріде қалса, оны тікен сияқты алып, шаққан жерге йод жағып, қолыңызды мұқият жуыңыз.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу