KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, Ю
515.03 584.82 6.24

Мопед жүргізушілері назарда: Заң бұзғандар қалай анықталады?

Фото: depositphotos.com

14.04.2025, 14:00 180 Төлеуғазы Жансая

5 сәуірден бастап мопед жүргізушілері үшін жаңа міндеттер күшіне енді. Енді олар жүргізуші куәлігін алып, көлігін міндетті түрде тіркеп, мемлекеттік нөмір тағуы керек. Сонымен қатар сақтандыру полисін рәсімдеуге, техникалық байқаудан өтуге, салық төлеуге және жол қозғалысы ережелерін сақтауға тиіс, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Koleso.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицияның айтуынша, негізгі бақылау "Сергек" бейнебақылау жүйесіне жүктелген. Бұл жүйе мотоцикл нөмірлерін оңай анықтай алады. Алайда мопедтің нөмірі тек артқы жағында болғандықтан, оны тек артқы жағынан түсіретін камералар ғана тіркей алады. 

Мопед жүргізушілерін тексеру үшін мотобөлімше құрылмайды. Қадағалау жұмыстарын бұрынғыдай арнайы батальонның мотопатрулі жүргізеді. Сонымен қатар автоматты тіркеу жүйелері де екі дөңгелекті көліктерді кәдімгі автомобиль сияқты бақылайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу