Ұландағы жарық мәселесі жергілікті құзырлылар назарында

pexels.com
Жуырда әлеуметтік желіде Ұлан ауданының бұрынғы Шымқора, қазіргі Ұлан ауылындағы жарықтың жиі өшуі туралы тұрғынның жазбасы жарияланып, қоғам назарын аудартқан еді.
Осыған орай Altainews.kz тілшісі мәселенің мән-жайын білу үшін Егінсу ауылдық округі әкімдігіне сауал жолдады. Бұл жайтқа байланысты түсініктеме берген Егінсу ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Жанар Даукееваның айтуынша, электр желілеріндегі ақаулар көбіне ауа райының қолайсыздығына - жауын-шашын мен қатты желге байланысты туындайды.
Айта кету керек, энергетикалық инфрақұрылым - елді мекендердің тіршілігі үшін аса маңызды сала. Жарық жүйесінің үзіліссіз жұмыс істеуі – тұрғындардың қауіпсіздігі мен тұрмыстық жайлылығының негізі. Сондықтан да аталған жаңғырту-жаңарту жұмыстары тек ақауларды жою емес, келешекте тұрақты және сапалы электрмен қамтуға бағытталған маңызды қадам екенін мамандар алға тартуда.