Владимир Головатюк айтты: Үржар, Алтай, Аягөз, Жармада тағы бірнеше ауыл таратылды
Үржар, Алтай, Аягөз, Жарма, Бородулиха аудандарында бірнеше ауыл таратылды. Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезекті отыз бесінші сессиясында мәслихат хатшысы Владимир Головатюк айтты.
Аягөз ауданы бойынша, Қалғытты ауылы – Дөненбай ауылының (Ақшатау ауылдық округі), ал Жорға ауылы Қорық ауылының құрамына (Малкелді ауылдық округі) енеді;
Жарма ауданы бойынша, Жаңаауыл ауылы – Шалабай ауылдық округінің құрамына еннеді;
Үржар ауданы бойынша, Сарытерек және «Ферма 3» ауылдары таратылып, есепті деректерден шығарылып, шекарасы өзгертіліп, Қарақол ауылдық округінің құрамына енгізіледі;
Бородулиха ауданы бойынша, Тараск қонысы – Коростели ауылының (Бақы ауылдық округі), Мещанка ауылы Изатулла ауылының (Петропавловка ауылдық округі), Қызылтай ауылы – Орловка ауылының (Степной ауылдық округі), Жақсылық ауылы – Михайловка аулының (Подборный ауылдық округі), Бек-Карьер ауылы Бековка ауылының құрамына (Белағаш ауылдық округі) енеді;
Алтай ауданы бойынша, Бедаревка қонысы – Ленинск ауылының, «Көгілдір бұғаз» демалыс үйі Жаңа Бұқтырма кентінің құрамына енгізіледі.