KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 2 м/с, В
507.07 572.53 6.37

ШҚО-да «Шығыс арғымағы – 2025» ат көрмесі өтті (видео)

19.04.2025, 17:30 363 Төлеуғазы Жансая

«Шығыс арғымағы – 2025» атты ат көрмесі Глубокое ауданына қарасты Винное ауылында орналасқан «Титан» ат спорт клубының аумағында өтті. Шараға қатысушылар шабандоздық шеберліктерін көрсетіп, жүлделі орындар үшін бақ сынасты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бағдарлама аясында спортшылардың көрсетілімдері – конкур, выездка, паралимпиадашылардың өнері және топтық ат шоуы ұсынылды. Сонымен қатар қолөнер жәрмеңкесі мен концерт ұйымдастырылды.

– Ауа райының қолайсыздығына байланысты кейбір қатысушылар келе алмады. Дегенмен көрмеге қатысқан спортшылар тамаша нәтиже көрсетті, – деді ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

ШҚО шабандоздары олимпиадалық жарыстарда жүлделі орындарды иеленіп, халықаралық деңгейде өңір намысын абыроймен қорғап жүр.

Көрменің бас жүлдесін «UK Equestrian School» атты шабандоздар мектебінің иесі Александра Попова жеңіп алды.

– Мұндай іс-шаралар өте маңызды. Өйткені елімізде ат спорты дамып келеді, ат иелері де көбейіп жатыр, – деді Александра. – Бұл жеңіске өте қуаныштымын. Эмоциямды жеткізе алмаймын. Себебі кеше репетиция кезінде аттарым ештеңе жасағысы келмеді. Біз ештеңесіз қайтамыз деп ойлаған едім. Бірақ бәрі жақсы болды. Басқа қатысушылар да керемет өнер көрсетті, олардың аттары өте жақсы нәтиже көрсетті.

Аймақта ат спортымен қатар иппотерапияға да ерекше көңіл бөлінуде. Бұл – шабандоздық арқылы емдік әрі оңалту әдісі.

– Қазіргі таңда 130-дан астам бала иппотерапия қызметін алып жатыр, – деді өңір басшысы.

ШҚО әкімі алдағы уақытта Риддер мен Ұлан ауданында шабандоздықпен байланысты жаңа спорттық бағыттардың енгізілетінін айтты.

Көрме аясында «Титан» клубында бейімделген ат спорты мен иппотерапия бойынша шеберлік сағаттары да өтті.

Елизавета Седых

Фото: Махаббат Ахметжанова

Видео: Евгений Щетников

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу