Риддерде тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді (видео)
21 сәуір күні Риддер қаласында «Ардағым – ардагерім» атты патриоттық акция бастау алды. Игі шара аясында қаладағы барлық мемлекеттік мекемелер Ұлы Отан соғысы кезіндегі тыл еңбеккерлеріне арнайы барып, құттықтау білдірді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қарияларға жылы лебіздер айтылып, гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Бұл – Жеңісті тылда жақындатқан жандарға деген зор құрмет пен алғыстың белгісі.
Акция ұйымдастырушылары мұндай кездесулер ұрпақтар сабақтастығы мен ел тарихына деген құрметті нығайтатынын, сондай-ақ бүгінгі бейбіт өмірдің негізін қалаған аға буынға тағзым екенін атап өтті.
Бұл бастама ел ерлігін еске салып қана қоймай, өткен мен бүгінді, болашақты жалғайтын рухани көпірге айналып отыр.






